19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Президент мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды.
Аида Балаева:
- министрлікті қайта құру нәтижелері, сондай-ақ мәдениет, ақпарат, дін, этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, отбасы және жастар саясаты салаларын дамытуға бағытталған жаңа жобалар жайында мәлімет берді;
- креативті индустрияны дамытуға, кино және кітап салаларын жетілдіруге, сонымен қатар бірқатар заң жобасын әзірлеуге қатысты жұмыс жоспарын таныстырды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке аталған бағыттарды одан әрі ілгерілету жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары