Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық мониторинг – Балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді. Мектептердің психологиялық қызметтері қызметінің автоматтандырылған жүйесін іске қосу жоспарлануда.
«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарының 90%-ы ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған, лицензиясы бар күзетшілермен қамтамасыз етілген, дүрбелең түймелері орнатылған. Бұл жұмысты 100 пайызға жеткізу керек», - деді министр Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ арнайы мектеп автобустарының паркі жаңартылуда. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқу үдерісінде 27 мың баланы тасымалдауды қамтамасыз ететін 515 көлік сатып алынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді