20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғани Бейсембаев заң жүзінде ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.
Ақша жинауға министрліктің бұйрығымен де тыйым салынған. Сондықтан мектепте ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл мектеп бітіру кешіне де, жаңажылдық шыршаға да қатысты. Кез келген шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Оның үстіне қазір барлық шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған. Кез келген іс-шара көңіл көтеруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы тиіс, - деді Ғани Бейсембаев.
Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің ешқандай сыйлық күтпейтінін атап өтті.
Бұған дейін «Гүл сыйлауға бола ма?» деген сұраққа жауап бергенмін. Иә, рұқсат етілген шекте болады. Жалпы мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді. Біз балаларды ешқандай материалдық марапат күтпеуге үйретіп, тәрбиелеп жатырмыз. Сол себепті егер жекелеген білім беру ұйымдарында осындайға жол берілсе, біз тиісті шара қабылдаймыз, - деді министр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?