20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда мектептердегі алғашқы әскери дайындық бағдарламасы жаңартылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Олжабаев мәлімдеді, деп жазады El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, қазір бұл пәнге бөлінетін уақыт тым аз. Сондықтан Қорғаныс министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірлесіп, пән сағатын көбейтіп, патриоттық тәрбиеге арналған іс-шараларды жиілетуді көздеп отыр.
Қазіргі таңда мектептерде алғашқы әскери дайындыққа өте аз уақыт бөлінеді. Сол себепті министрлік жаңа оқу бағдарламасын әзірлеу үстінде, – деді Олжабаев.
Жаңа бағдарламада оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен әскери-патриоттық рухын арттыруға бағытталған қосымша сабақтар мен жобалар қамтылмақ. Бұл бастама жас ұрпақтың ел қорғауға қызығушылығын арттырып, азаматтық жауапкершілігін күшейтуді мақсат етеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?