10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Ринат Зайытов еліміздің түкпір-түкпірінде мектептердегі жөндеу жұмысына мұғалімдер мен ата-аналардан ақша жиналып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәселені бірігіп шешуге шақырды.
Құрметті қазақстандықтар, қадірлі ата-аналар! Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетіне, депутаттардың атына күтпеген хаттар түсіп жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде мектептегі жөндеу жұмыстарына ақша жинау, кейбір жерлерде мұғалімдерден, ата-аналардан талап еткен фактілер бар деген шағым түсуде. Осы мәселені Оқу-ағарту министрлігінің өкілімен талқыладық. Бұл мәселені бір емес, бірнеше рет қайталанбау үшін жұма күні мен ғана емес, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің депутаттарына «eOtinish» арқылы хат жаза аласыздар. Дәулет Мұқаев, Нартай Аралбайұлы, Таңсәуле Серіков және басқа депутаттардың атына хат жолдауларыңызға мүмкіндік бар. Бастысы, қай мектеп, қашан болғанын нақты көрсетіңіздер. Мәселені бірігіп шешейік, - дейді Ринат Зайытов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді