Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТүркістан облысы Келес ауданында оқушылар арасында орын алған кикілжіңнен кейін 8-сынып оқушысы 3 қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қазір жасөспірім қыз ауруханада жатыр. Оқиға салдарынан оның жамбас сүйегі сынып, жабық бас ми жарақатын алған.
Оtyrar.kz-тің мәліметінше, мектеп әкімшілігі қыз мұндай жағдайға оқушылар арасында орын алған кикілжіңнен кейін барған болуы мүмкін екенін айтады.
Жасөспірім қызға тез арада алғашқы көмек көрсетіліп, Абай ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер тексеру барысында бас миының жабық жарақаты мен жамбас сүйегінің сынғанын анықтаған. Қазір науқастың беті бері қарап, ол палатаға шығарылды. Компьютерлік томография, рентгендік тексеріс жүргізіп, бас миының жабық жарақаты, бірінші бел омыртқасының жабық сынығы, жамбас сүйегінің сынығы анықталды. Протоколға сәйкес емдеу жүргізілді. Жағдайының жақсаруына байланысты бірінші ауысымда травматология бөліміне ауыстырылды.
Қазір іс «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тіркеліп, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 105 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады, – дейді Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?