Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлдің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс әрі саналы түрде таңдауы – білім беру жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Осы мақсатта енгізілген жаңа бастама – педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы, білім алушыларға ерте кезеңнен бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс тиімділігін арттыруға арналған.
Бұл лауазым иесінің негізгі міндеттері – оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету, кәсіби кеңес беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпаратпен бөлісу. Сонымен қатар, педагог-кәсіптік бағдар беруші түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жұмыспен қамту орталықтары, колледждер мен кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатады.
Министрлік бұл жаңашылдықтың жастардың білікті де, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына серпін беретінін атап өтуде. Сондай-ақ, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, оқушыларды еңбекке бейімдеуге де оң әсер ететініне сенім білдіріп отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді