10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілердің қаражаты есебінен қайырымдылық көмегі көрсетіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл акция аясында қаладағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр. Көмек мектеп сөмкелері мен кеңсе тауарлары түрінде беріледі.
Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында отбасыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептерге байланысты сабақтан қалудың алдын алу.
Ата-аналарға, егер балалары көрсетілген санаттарға жататын болса, растайтын құжаттарымен мектепке жүгіну қажет, - делінген мәліметте.
Әлеуметтік педагогтар мұқтаждардың тізімін бірінші сыныпқа қабылданғандар мен жаңадан келген оқушыларды ескере отырып жасайды.
Учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, білім алуға қамтылмаған немесе түнде ересектердің қарауынсыз үйден тыс жүрген балаларды анықтау үшін рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған.
Азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін «сенім телефоны» мен «жедел желі» (556920), сондай-ақ мектеп жанындағы қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді