Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы"Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін шамамен 20 млрд теңге аударылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігі қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтығанын, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуығы екенін атап өтті.
Биыл жаңа оқу жылында мұндай көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар.
Бүгінде Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, 100% отбасы көмек алды.
Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударуда. Көмек алғандар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті, — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
2025 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 23,1 млрд теңгені құрайды. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімі негізінде белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс.
Айта кету керек, 2023 жылдан бері материалдық көмек көлемі 2,5 есеге өсіп, 17 мыңнан 46 мың теңгеге дейін артты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді