10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАта-аналар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша тәулік бойы әдістемелік және психологиялық көмек ала алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады, - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта қосымша Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарымен бірлесіп пилоттық режимде сынақтан өтуде. Оны толық масштабтау қараша айында жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның мазмұны сабақтарға арналған идеялар мен практикалық кеңестер ұсыныла отырып, консультациялық орталықтарда пайдаланылатын болады.
Айта кету қажет, мобильді қосымша мектепке дейінгі ұйымдардың консультациялық пункттерінде қолжетімді болады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді