20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрлігінің бастамасымен білім беру саласының қызметкерлері жасанды интеллектіні қолдану бойынша оқытудан өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқыту «Білім берудегі аймақтық көшбасшылық: инновациялар және әрекеттегі жасанды интеллект» кәсіби даму бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Аталған бағдарлама 2025 жылдың ақпан айынан бастап іске асырылуда. Мақсаты — цифрлық трансформация және жасанды интеллект технологияларын енгізуде білім беру жүйесі басшыларының стратегиялық ойлауын, көшбасшылық және басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту.
Бағдарлама тыңдаушылары ретінде Оқу-ағарту министрлігінің орталық аппаратының, өңірлік басқармалар мен білім бөлімдерінің 74 басшысы, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен мектеп, балабақша және колледж директорлары қатысты. Аталған бағыт білім беру жүйесінің негізгі сын-қатерлеріне бірыңғай көзқарас қалыптастыруға және практикалық басқарушылық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік берді.
Бағдарлама тақырыптары көшбасшылық құзыреттіліктерді дамыту, стратегиялық жоспарлау, ТжКБ трансформациясы және білім беруге жасанды интеллектіні енгізу тәжірибелерін қамтыды. Сонымен қатар, педагогикалық хакатон өткізіліп, өңіраралық командалар білім беру сапасын арттыру және жасанды интеллектіні қолдану бойынша практикалық жобалар әзірледі.
Бағдарлама нәтижесінде практик-менеджерлердің қауымдастығы құрылып, өңірлік деңгейде іске асырылатын жобалар дайындалды, сондай-ақ оқыту мен басқаруда жасанды интеллектіні сауатты пайдалануға арналған әдістемелік материалдар топтамасы әзірленді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?