Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзбекстанда Сурхандария облысындағы арнайы мектеп-интернаттың 32 оқушысы тамақтан уланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Газета.uz басылымының мәліметінше, 19 қаңтарға қараған түні Сурхандария облысына қарасты Сариосиё ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың жатақханасында тұратын 120 оқушының 32-сінде жүрегі айнып, асқазаны ауырған. Желіде тараған ақпаратты сенбі күні Өзбекстанның мамандандырылған білім беру мекемелерінің агенттігі растады.
Мектеп медбикесі балаларға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейіннен оқушылар аудандық медициналық бірлестікке жіберілді.
Қазіргі таңда оқушылардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар оқуын жалғастырып жатыр, – делінген хабарламада.
19 қаңтар күні аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығы мектептің асханасын зерттеу эұмыстарын жүргізіп, білім алушылар тұтынатын тағам үлгілерінің сынамаларын алды. Бүгінде тергеу амалдары басталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді