23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау, мұғалімдердің артық жүктемесін азайту және мектептерде ұстаздардың абырой-беделін қорғау мәселелеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерге инклюзивті білім беру инфрақұрылымын жетілдіруді, ал Оқу-ағарту министрлігіне педагогтердің құқықтарын қорғау мәселесін жіті бақылауда ұстауды тапсырды.
Инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту қажет
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда инклюзивті білім алуы тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Алайда соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді. Осыған байланысты Президент тиісті инфрақұрылымды дамытып, маман тапшылығын азайту қажеттігін атап өтті.
Тағы бір өзекті тақырып. Инклюзивті білім беру мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет.
Маман тапшылығын азайту және ерекше қажеттілігі бар балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмысы да жүйелі түрде жүргізілуі керек. Осы жұмысқа «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысқаны жөн, – деді президент.
Мұғалімдердің артық жүктемесін азайту керек
Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты қоғамда түрлі пікір бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, кез келген өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, қағазбастылық пен артық есепті азайтуға бағытталуы қажет.
Тағы бір мәселе. Қоғамда оқу-ағарту саласындағы реформаларға қатысты түйткілдер көп талқыланып жүр. Жалпы, әр өзгеріс мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге, оның қызметіндегі артық жүктемені азайтуға бағытталуы керек. Іс жүзінде бұл міндет толық орындалмай жатқаны жасырын емес. Бұрын қағазбастылық көп еді. Енді оның орнын түрлі платформаларға, цифрлық жүйелерге енгізілуге тиіс есептер басып отыр. Ұстаздың негізгі миссиясы – балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек, – деді мемлекет басшысы.
Президент мұғалімнің негізгі міндеті сапалы білім беру мен саналы ұрпақ тәрбиелеу екенін еске салып, осы мақсатқа кедергі келтіретін артық жұмыстарды қысқарту қажеттігін айтты.
Мектепте мұғалімдердің абырой-беделі қорғалуы тиіс
Мемлекет басшысы мектептерде оқушылардың ұстаздарға дөрекі сөйлеп, тіпті күш қолданатын жағдайлар кездесетініне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, мұндай оқиғалар кезінде мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетпеуі керек. Әрбір жағдай жан-жақты қаралып, барлық тараптың жауапкершілігі ескерілуге тиіс.
Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет. Соңғы уақытта мектептерде оқушылар ұстаздарына дөрекі сөйлеп, тіпті, күш қолданатын жағдайлар да аз емес. Мұндай кезде көбінесе мектеп әкімшілігі де мұғалімге қысым көрсетіп жатады. Бұл – дұрыс емес.
Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуы тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те – бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек. Оқу-ағарту министрлігі бұл жұмысты жіті назарда ұстауы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады