Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан тұрғындары медициналық көмекті міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және мемлекеттік тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында ала алады. Бұл тізімге нақты не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ТМККК бюджет қаражаты есебінен ұсынылады. Оны Қазақстан Республикасы азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және ҚР аумағында тұрақты тұратын, ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар пайдалана алады. Ал ел аумағында уақытша тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ баспана іздеген тұлғалар ТМККК-ге тек айналасына қауіп төндіретін аурулар кезінде ғана жүгіне алады.
Көпшілік сақтандырылған мәртебесі болмаса, емханада қабылдамайды деп қате ойлайды. Алайда МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетілетін медициналық қызметтер тізімі бар, – деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Сәркенова.
ТМККК аясында мынандай қызметтер көрсетіледі:
Сондай-ақ пациенттерге белгілі бір созылмалы ауруларкезінде Денсаулық сақтау министрлігінің тізімінде көрсетілген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз ету қолжетімді.
Еске салайық, бұл медициналық қызметтер азаматтарға МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан қолжетімді.
Егер сізге медициналық көмек көрсетуден заңсыз бас тартса, әрбір емхана мен ауруханада жұмыс істейтін Пациентті қолдау қызметіне жүгінуге болады. Онда мәселені орнында шешугекөмектеседі. Егер медициналық ұйым тарапынан түсіністік болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шағым түсіруге болады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді