30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӘр ата-ана бала дүниеге келгенде мағыналы, сирек кездесетін есім таңдағанды құп көреді. Осы орайда қыздарға арналған заманауи, ілуде бір кездесетін, мағынасы терең есімдер топтамасын жасадық.
Есімдерге назар аудармас бұрын мына қызыққа қараңыз, елімізде 1987-1991 жылдары – Әйгерім, 1992-1999 жылдары – Айдана есімі танымал болған. Ал 2000-2010 жылға дейін Аружан есімі бірінші орыннан түспепті. 2011-2018 жылдар аралығында Айару мен Айзере есімі көбірек қойылған. 2019-2023 жылдары Раяна мен Медина есімі көш бастап тұр. 2024-2026 жылдары Айлин деп ат қоятындардың қатары көбейген.
АЙҒЫЗ – айдай сұлу, көркем қыз бала.
АЙЗИЯ – қазақтың сөзі ай + зия —жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
АРУ – сұлу, көркем.
АЛАУ – «шымқай қызыл түс», «жалын», «от» деген мағынаны білдіретін қазақ тіліндегі есім.
АСУ – «биік шың», «асулардан асушы», «алдағы мақсатына жетуші» деген ауыспалы мағынаны, яғни өмірдің қиындықтарын жеңіп, биікке ұмтылатын қайсар мінезді білдіреді.
АҚМҰНАР – терең әрі әдемі деген мағынаға ие қыз бала есімі
АЗАЛИЯ – есімі грек және араб тілдерінен шыққан, әрі «гүлді бұта» немесе «жұбататын», «тыныштандыратын» деген мағынаны білдіреді.
АЙНАМКӨЗ – бұл есім сұлулық пен ішкі жан дүниенің тазалығын бейнелейді.
АЙҚАРАКӨЗ – есімі «айдай сұлу және қара көзді ару болсын» деген мағына береді.
АДЕЛАЙДА – «асыл текті», «ақсүйек» немесе «мәртебелі» деген мағынаны білдіреді.
АЙЛУНА – қазақ тіліндегі «ай» және латын/испан/итальян тілдеріндегі «луна» (luna – ай) сөздерінің бірігуінен пайда болған, «ай тәрізді ай» немесе «ай мен ай» деген мағына береді.
АЛИАНА – араб тілінен аударғанда «жоғары», «ұлы», «мәртебелі» және «ханшайым» деген мағыналарды білдіреді.
АҚСҮЙРІК – «аппақ, сүйріктей сымбатты» дегенді білдіреді.
АҚНӘЗІК – нәзік, мейірімді, әдемі әрі ақ көңілді қыз бала деген мағынаны білдіреді
АЙЛЫТАҢ – қазақ мәдениетінде сирек кездесетін, табиғаттың ең көркем сәттерін бейнелейтін есім.
АЙКЕН – нышан, белгі, мәңгілік, ұзақ ғұмыр, байлық, дәулет, молшылық, сұлу, көрікті, әсем.
АЙМЕН – айдай әдемі ару деген мағына береді.
АЙДАРИЯ – қазақ тіліндегі «ай» және парсы тілінен келген «дәрия» (теңіз, үлкен өзен) сөздерінен бірігіп жасалған.
АРНА – бір адамға бағыштау, арнайы қою.
АЙЛАНА – «айдай сұлу», «айдың нұры», «көркем» және «жұпар, нәзік» деген мағыналарды білдіретін әдемі әйелдер есімі
АЙЛЫ – «ай нұрына бөленген, ай сәулелі» деген сөз.
АЙКЕР – «ай секілді көркем, сұлу» немесе «айды көруші, айға қараушы» деген мағыналарды білдіреді.
АДИЯ – сый, сыйлық, тарту.
АҚМОНШАҚ – ақ және моншақ сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу моншақтай нәзік.
АЙХАН – «айдай жарқын», «сұлу», «көрікті» және «хан» (билеуші, басшы) мағынасын білдіретін қазақ және түбірлес түркі тілдерінен шыққан есім.
АЙКҮНІМ – «айдай сұлу да нұрлы, күндей шуақты әрі өзімнің сүйікті күнім» дегенді білдіреді.
АЙКӨРКЕМ – «ай» және «көркем» сөздерінен құралған, «айдай сұлу, әдемі болсын» деген мағынаны білдіреді.
АЙЫМ – менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
АРУНА – «ару» (әдемі, нәзік) сөзімен үндесіп, қыз баланың сымбатты, көркем болуын меңзейді.
АРУНАЗ – арудай сұлу және наздай қылықты, сүйкімді болсын» деген мағынаны білдіреді.
АЙНАЗ – ай секілді жарық, әрі нәзік, сүйкімді деген мағынаны білдіреді.
АЙСЕЗІМ – айдай сұлу және сезімтал.
АЙДАЙ – айдай сұлу, көркем.
АЙДИДАРЛЫ – «айдай жарқын, ай жүзді, көркем» деген мағынаны білдіреді.
АДИНА – «жұма күні туған», «әдеміленген», «безенген» немесе «нәзік» деген мағыналарды білдіреді.
АҚКЕРБЕЗ – «пәк көңілді, көрікті әрі сымбатты ару» немесе «ақжарқын, әсем мінезді қыз» деген мағынаны білдіреді.
ӘБИБА — араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік.
***
БЕГІМ – көне түркі тілінде «ханша», «ханым», «патшайым» немесе «менің ханымым» деген мағынаны білдіреді.
БӨРТЕ – қазақ тілінде боз араласқан көкшіл сұр немесе қызыл-күрең түсті білдіреді.
БИЯЗЫ – қазақ тілінде «сыпайы», «әдепті», «жұмсақ мінезді» немесе «нәзік» деген мағынаны білдіреді.
БҮРЛЕН – араб тілінен аударғанда «бүршік атқан гүл» деген мағынаны білдіреді.
БАЛСҰЛУ – балдай тәтті сұлу қыз деген мағынада.
БАЛҒЫН – сүйкімді, сүйікті, ақылды, ойлы, есті ханым.
БАҒЫМ – біздің үйдің бағы деген мағынада.
***
ҒАЙНИ – танакөз, әдемі.
***
ДАЛИДА – «нәзік», «баяу», «бейбіт» немесе «жанға жайлы» дегенді білдіреді.
ДАНИСА – «дана», «әділ» деп аударылады.
ДАРА – қазақ тілінен алынған ерекше, өзгеше, яғни басқадан артық. Яғни бала басқадан ерекше, артық, ақылды я сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.
***
ЕЛІГАЙ – «еліктей нәзік, айдай сұлу» деген мағына береді.
ЕРКЕ – еркелеп өскен ару.
***
ЖАҺАНБИКЕ – «әлемнің ханшайымы», «дүниедегі ең сұлу, ең аяулы қыз» деген мағына береді.
ЖАРҚЫНАЙ – “жарқырау” немесе “жарық шашу” деген сөзден шығады.
ЖАУҺАР – араб тілінен енген сөз, түпкі мағынасы «гауһар», «бриллиант» немесе «асыл тас» дегенді білдіреді.
ЖӘУДІР – «мөлдір», «таза», «жарқыраған» деген мағынаны білдіреді.
***
ЗЕЙНЕ – нұр, көрік, көркем, әшекей деген мағына білдіреді.
***
КЕРІМ-СҰЛУ – есімі «аса керемет, тамаша, көз тартарлықтай әдемі, көркем сұлу» деген мағынаны білдіреді.
КӨКТЕМ – жаңару, сұлулық пен жастық деген бағынаны білдіреді.
ҚОРЛАН – араб және парсы тілдерінен енген, «хор сұлуы», «жұмақ аруы» немесе «хор қызы» деген мағынаны білдіреді.
***
ЛАҒЫЛ – «лағыл» (қызыл асыл тас, ләл) сөзінен қойылған. «Лағылдай қымбат» дегенді білдіреді.
ЛАУЛА – лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.
ЛӘЙЛІМ – қазақ тілінде нәзіктік пен сұлулықты, рухани тазалық пен мейірімділікті білдіреді.
ЛӘЙЛІ – араб тілінен шыққан және «түн», «қараңғы түн» немесе «түнгі сұлу» деген мағыналарды білдіреді.
ЛЕБІЗ – «жылы сөз», «көзқарас», «пікір», «пейіл» немесе «тыныс, дем» деген мағыналарды білдіреді.
ЛУНАРА – латын тілінен шыққан («luna» — ай) және «ай тәрізді», «ай сәулесі» немесе «айлы» деген мағынаны білдіреді.
***
МӘРУА – асылтас деген мағына береді
***
НӘРКЕС – Парсы тіліндегі «нәргис» (нәркес гүлі) сөзінен шыққан. Шығыс поэзиясында нәркес — сұлу көздің бейнесі.
НҰРЛЫ – “жарқыраған,” “нұрланған,” немесе “жарық шашқан” деген мағыналарды білдіреді.
***
САРА – атақты, данқты, ақсүйек.
СӘНІМ – «сұлу, көрікті, әсем» ұғымды білдіреді.
СӘТТІ – отбасына сәттілік болып келді, өмірде жолы болсын деген мағынада.
СЫРНАЙ – грек тілінен аударғанда «үндестік», «үйлесімдік» деген мағына береді.
СҰЛУХАН – «аса көркем», «өте әдемі ханым» деген мағынаны білдіреді.
***
ТАҢСУ – «таңдай мөлдір», «таңғы судай таза, сұлу» немесе «таңғы арай мен мөлдірлікті білдіретін керемет жан» деген ұғымды береді.
ТЕҢІЗ – теңіздей кең, шексіз әрі терең ойлы қыз бейнесін білдіреді.
ТҰНЫҚ – таза, пәк деген мағынада.
ТҰМАР – «қорғаныш», «сақтаушы» немесе «жамандықтан, тіл-көзден қорғайтын тұмар (бойтұмар)» деген мағынаны білдіреді.
***
ҰМАЙ – қорғаушы ана, қамқоршы және мейірімді жан деген мағынаны білдіреді.
ҮКІЛІМ – қазақ халқында қыз балаларға қойылатын, көзі ашық, сұлу әрі ерекше мағына беретін дәстүрлі есім.
***
ХИУАЗ – мінез, рух деген мағынаны білдіреді.
***
ШҰҒА – асыл, жұмсақ мата атауы, нәзіктік пен сұлулықтың белгісі.
ШАХНАЗ – иран тілінен аударғанда «патшаның намысы», парсы тілінде «шах» –«патшайым», «наз» - «әсемдік», «нәзік билеуші» деген мағынаны білдіреді.
ІНЖУ – теңіз астынан алынатын түсі ақ, қызғылт немесе сары, кейде қара түсті тас.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды