22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазҚСҒЗИ мәліметінше, 60-жылдары академик Төлеубай Жүнісовтың жетекшілігімен алғаш рет Алматыда кірпіштен салынған ғимараттарға жасанды сейсмикалық әсерлер жағдайында ауқымды зерттеулер жүргізілді. Оның барысында аталған ғимаратта нығайту қажет етілетіні анықталды.
Ал ҚР ИИДМ мұндай деректерді анықтау үшін «Медеу» мұз айдыны базасында 1966-1967 жылдары Кіші Алматы өзені шатқалында (Медеу шатқалында) селден қорғау бөгетін салу үшін қажетті қуатты жарылыстар сериясын ұйымдастыру арқылы қаланың құрылыс нысандарына динамикалық сынақтар жүргізілгенін алға тартады.
Осы сынақтардың нәтижесі бойынша 308 сериялы 3-4 қабатты кірпіштен салынған ғимараттар қолданыстағы құрылыс нормаларының талаптарына сай келмейтіні және олардың сейсмикаға төзімділігі 7 балдан аспайтыны анықталды. Мұндай ғимараттар күшейтілуі керек еді. Сонымен қатар келесі нормативтік құжаттарда сейсмикалық 8-9 балдық аудандарда кірпіш қабырғалары бар ғимараттардың биіктігі айтарлықтай төмендегені анықталды. 9 балдық аймақтарда олардың биіктігі 2 қабаттан, 8 балдық аймақтарда 3 қабаттан, 7 балдық аймақтарда 4 қабаттан аспауға тиіс болатын. 10 балдық аймақтарда қабырғалары кірпіштен тұратын ғимараттарды салуға тыйым салынды, - делінген мәліметте.
Сол себепті үйлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізіле бастап, «Медеу» кешенінің конструкциясын орнықты қасбеті қарастырылған монолитті етіп салды. Тұтастай алғанда, спорт кешеніне бірнеше рет жаңғырту жүргізіліп, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары «Медеу» тірек конструкцияларының жарамдылығы мен сейсмикаға төзімділігін бағалады. Оны жаңғыртуға байланысты ұсыныстар жасалды.
Айта кетейік, «Медеу» кешені – Алматыдағы ең үлкен жасанды мұз алаңы бар ерекше сәулет нысандарының бірі. Мұнда 200-ден астам әлемдік рекорд орнатылған. Ал қазір аталған нысан мемлекеттік ескерткіштердің санатына жатады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев