20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құрамында Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар жеті номинация бойынша сайысқа түсті. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Журналистер күні тек сіздердің ғана мерекелеріңіз емес, бұл – күллі қоғамның мерекесі. Себебі, қоғамды сіздерсіз, БАҚ өкілдерінсіз елестету мүмкін емес. Біздің жұмысты насихаттап, елге заңдардың мәнін түсіндіретін де сіздер. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін, – деді Палата Спикері.
Журналистер «Үздік баспа жарияланымы үшін», «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін», «Үздік телевизиялық сюжет үшін», «Үздік бейне-сурет материалы үшін», «Үздік интернет және радио материалы үшін», «Арнайы репортаж». Ал «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы номинациясы «Qazcontent» акционерлік қоғамы мен «Астана» телеарнасының ұжымына табысталды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?