Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжілісте «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың мәліметтерімен трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау мақсатында қаралуда.
Бұл келісім кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттың тізбесін айқындайды. Мұндай ақпаратқа кредиттік есепті ұсыну туралы сұрату, кредиттік тарих субъектісінің келісімі, кредиттік есептің өзі, сондай-ақ кредиттік тарихты дауласуға қатысты құжаттар жатады, - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова.
Келісім талаптары бойынша кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу міндетті түрде жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады.
Оның шеңберінде кредиттік есептермен трансшекаралық алмасу уәкілетті ұйымдардың шектеулі тізімі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда осындай уәкілетті ұйымдарға екі кредиттік бюро кіреді, бұл – «Мемлекеттік кредиттік бюро» және «Бірінші кредиттік бюро, - деді Мәдина Әбілқасымова.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер