1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Ауғанстанмен экономикалық серіктестік орнатудың тиімді жақтарын атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Мәжіліс отырысынан кейінгі кулуарда айтты.
Кез келген өзін тәуелсізбін деп таныған мемлекетпен Қазақстанның сауда-саттық, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынас құруға құқығы бар. Сол себепті Ауғанстан болсын, басқа ел болсын, серіктестік жүргізіледі, - деді депутат.
Сондай-ақ депутат екі ел арасындағы қауіпсіздікке де тоқталып өтті.
Елдегі қауіпті мәселелерге жауап беретін құқық қорғау органдары бар. Әрбір мемлекеттің қауіптілігін саралап, олармен экономикалық байланысты үзе беретін болсақ, болашақта мемлекет ретінде экономикалық байланысымыздың, сауда-саттығымыздың, экспортымыздың азаюына алып келеді, - деп түсіндірді.
Оның айтуынша, Ауғанстан Қазақстан сияқты дамыған елдермен тығыз қарым-қатынас орнатса, экономикалық әлеуетін көтеруге мүмкіндігі артады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?