20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліске Грузия Парламенті мәдениет комитетінің төрағасы Элисо Болквадзе келді. Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы саяси өзгерістерге тоқталды. Ол елдер арасында парламенттік деңгейде сындарлы саяси диалог орнағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан мен Грузия арасындағы парламентаралық дәстүрлі байланыс жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Бұған біздің достық тобымыздың қызметі де ықпал етуде. Грузия делегациясының бүгінгі сапары осы қарым-қатынасты одан әрі нығайтатынына сенімдімін. Біз тиісті комитеттердің және фракцияаралық ынтымақтастықтың әлеуетін пайдалануға дайынбыз, - деді А.Аймағамбетов.
Сондай-ақ депутат екі елдің азаматтары халықтарының мәдениетіне үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қазақстан Грузияға баратын туристер саны бойынша ТОП-10 елдің қатарында. Өткен жылы сіздерге 110 мыңға жуық Қазақстан турисі барып, 2 есеге жуық өсті.
Өз кезегінде Элисо Болквадзе ынтымақтастықты комитет деңгейінде меморандум арқылы нығайтуды ұсынып, Мәжіліс депутаттарын Грузияға шақырды. Ол Қазақстан мәдениетінің қарқынды дамып келе жатқанын және оның әлемдік аренадағы жоғары орнын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?