20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПалата Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келесі сәрсенбіде депутаттарға Салық кодексі және оған ілеспе салық салу мәселелері бойынша түзетулер жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Ол 822 баптан тұрады және қазіргі Салық кодексі мен оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды.
Кодекс жобасында кейбір салалардағы салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мөлшерлемесін саралау, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және пайданы жаңғыртуға қайта инвестициялауды ынталандыру мақсатымен салықтық шегерімдерді кеңейту көзделген. Сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту, барлық арнайы салықтық режимдерді оңтайландыру, салық жеңілдіктерін беру жүйесін бақылау мен талдаудың жаңа тәсілдерін енгізу, қымбат мүлікке, алкоголь және темекі өнімдеріне салық мөлшерлемелерін арттыру ұсынылады. Салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған басқа да бірқатар норма мен шара қарастырылған.
Осы күні депутаттар қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады. Заң жобасын талқылау барысында депутаттар бірнеше норма ұсынды. Атап айтқанда, тұтынушылық кепілсіз онлайн-несиелер беру кезінде «салқындату кезеңін» (жиырма төрт сағат) енгізу, сондай-ақ несие алуға алғаш рет жүгінген азаматтардың банк немесе микроқаржы ұйымының бөлімшесіне жеке келуін міндеттеу мәселелері көтерілді.
Бұдан бөлек халық қалаулылары алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған, оның ішінде антифрод-орталықтың қызметіне және қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға байланысты бірқатар норма ұсынды.
Жалпы отырыста құқық бұзушылықтардың алдын алу және ғылымды қажет ететін аймақтарды дамыту мәселелері бойынша жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданбақ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?