Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Германия Бундесратының Президенті Анке Релингермен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәжіліс спикері Бундесрат төрағасының сапары мазмұнды өтіп жатқанын айтып, бұған дейін Анке Релингерді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдағанын, сондай-ақ оның Премьер-Министр Олжас Бектеновпен және Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен кездескенін атап өтті.
Ерлан Қошанов Германияны Еуропадағы негізгі стратегиялық серіктес ретінде қарастыратынын жеткізді. Оның айтуынша, екі ел арасындағы саяси диалог өзара түсіністік пен сенімге негізделіп, жоғары деңгейде сапар алмасу жиілеген. Бұл тұрғыда Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің 2023 жылғы сапары, Президент Тоқаевтың Германияға жасаған сапары және Канцлер Олаф Шольцтың сапары ерекше аталды.
Парламенттік серіктестік және реформалар таныстырылды
Мәжіліс төрағасы парламентаралық байланысты екіжақты диалогтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап, бұл сапардың парламенттік ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Сонымен бірге ол Германия тарабына Қазақстан Президентінің «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы аясында қолға алынған саяси реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Спикердің айтуынша, реформалар көппартиялы Мәжілістің жұмысын күшейтуге, заң үстемдігі мен әділеттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экономикалық даму мен тәртіп орнатуға бағытталған.
Ынтымақтастық бағыттары және халықаралық байланыстар
Бундесрат Президенті Қазақстандағы саяси және экономикалық өзгерістерді оң бағалап, геосаяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның сенімді серіктес екенін атап өтті. Ол климаттың өзгеруі, экономикалық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бағытында серіктестікті тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.
Кездесуде ауыл шаруашылығы, логистика, өнеркәсіп пен жаңа технологиялар саласындағы серіктестікті нығайту, заңнамалық қолдау көрсету, сондай-ақ Парламентаралық одақ, ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеялары шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды