20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына байланысты амнистия туралы» заңды палата отырысында қабылдады. Енді құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл заңның мақсаты – қылмыстық саясатты ізгілендіру.
Заң жобасына сәйкес, азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірмейтін қылмыс үшін сотталғандар амнистияға ілігеді.
Атап айтқанда:
Ал аса қауіпті қылмыс жасағандарға бұл амнистия қолданылмайды.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел бойынша 63 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде және 16 тергеу изоляторында 40 мыңнан астам адам қамалған. Олардың ішінде 33 мыңы – сотталғандар, 7 мыңы – тергеуде отырғандар. Бұдан бөлек, 27 мыңнан астам адам пробация қызметінің есебінде тұр.
Алдын ала есеп бойынша, амнистия аясында 6 мың сотталған және пробация есебінде тұрған 9 мың адам қамтылады. Барлығы 15 мың адам. Оның ішінде ҚАЖ мекемелерінен шамамен 632 адам, ал пробация есебіндегі 3,5 мың адам босатылады – жалпы 4,1 мың адам бостандыққа шығады. Сондай-ақ түрмеде отырған 5,4 мың адамға және пробацияда тұрған 5,5 мың адамға жаза мерзімін қысқарту түріндегі шара қолданылады. Яғни барлығы 11 мың адамның жазасы қысқарады, – деп түсіндірді депутат.
Ішкі істер вице-министрі Абай Қайырбековтың айтуынша, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбиелеу колонияларында қазіргі кезде 75 бала жазасын өтеп жатыр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?