20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық экономика министрлігі ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа және қолданыстағы Салық кодексінің жобасына екінші түзетулер пакетін енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түзетулердің негізгі бағыттарының бірі – қызметкерлердің табыс деңгейіне қарай жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін енгізу. Төмен табыс табатын азаматтар жоғары жалақы алатындарға қарағанда төмен мөлшерлеме бойынша салық төлейтін болады.
Сондай-ақ, азаматтардың медицина, білім беру, әлеуметтік аударымдар сияқты шығындары бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылуда. Қазіргі 14 АЕК орнына 30 АЕК мөлшерінде бірыңғай базалық шегерім енгізіледі. Сонымен қатар, қосымша шегерімдер алынып тасталады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп, жеке тұлғаларға салық органдарына артық құжат тапсыру қажеттілігін жояды.
Бұдан басқа, экспорттық-кредиттік агенттікке салық салу тәртібін белгілеу және банк қызметі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін нақтылау ұсынылады, бұл осы саладағы белгісіздікті жояды.
Сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салуды енгізу жоспарлануда. Бұл мемлекеттік бюджеттің қосымша көзі.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, қоғамдық денсаулыққа қосымша қамқорлық жасау үшін энергетикалық сусындарға акциздер белгіленеді.
Мұнай саласындағы салық жүйесін реформалау аясында «салықтық маневр» жүргізу көзделуде – экспорттық төлемдерге, соның ішінде ренталық салыққа түсетін жүктемені мұнай өндіру кезеңінде төленетін салыққа ауыстыру ұсынылады. Бұл салық жүйесін жеңілдетіп, бюджеттің кірісін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Салық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған бөлек түзетулер блогы ұсынылған. Ол салық органдарының бақылау функцияларын қайта қарауды және салық міндеттемелерін жинау мен мониторингтеу тетіктерін нақтылауды көздейді.
Сонымен қатар, екінші пакет аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инвестициялық саясат, әлеуметтік төлемдер тәртібі секілді бірқатар ілеспе заңдарға өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.
Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласындағы, сондай-ақ арнайы салық режимдерін қолданудағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылады. Бұл – елдегі салықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған кешенді стратегияның бір бөлігі.
Жалпы алғанда, Үкімет жаңа Салық кодексі жобасы мен оған ілеспе заңдарға 71 түзету, ал қолданыстағы Салық кодексіне 67 түзету ұсынды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?