Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Еркін Әбіл Қостанай облысының сағат белдеуін өзгерту мәселесін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, облыс тұрғындары әлсіздікке, психикалық және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ас қорыту жүйесінің бұзылуына, жүрек-қан тамырлары, ұрпақты болу және эндокриндік жүйелердің бірқатар ауруына шағымданған.
Детутат бүкіл Қазақстан бойынша сағат белдеуін өзгерту керек деп есептейді.
Мәжілісмен өз сөзінде 2022 жылдың қазан айында қабылданған «Уақыт саясаты» туралы Барселона декларациясына тоқталды.
Онда «ғылыми консенсус адам денсаулығы, экономика және қауіпсіздік үшін күн уақытына мүмкіндігінше жақын тұрақты уақыт белдеулерін пайдалану тиімді» делінген. Бұл тұжырымдар әртүрлі елдерде жүргізілген тексерілетін ғылыми зерттеулердің жеткілікті санына негізделген. В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына UTC+5 уақыт белдеуін қолдануды ұсынды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағы бір үлкейтілген уақыт белдеуінде орналасады, - деді депутат.
Осы орайда депутат Үкіметке елімізде UTC+5 бірыңғай сағаттық белдеуін енгізу туралы шешім қабылдауды ұсынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді