20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ғалымжан Алмасбекұлы Елеуовтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген хабарламада.
Ғалымжан Елеуов 1978 жылы 10 қазанда Ақтөбеде дүниеге келген.
2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын "Хирургия" мамандығы бойынша бітірген. Білімі: жоғары медициналық, жоғары заңгерлік. Медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
Әр жылдары хирург, бірқатар медициналық орталықтың директоры қызметтерін атқарды. 2020 жылғы желтоқсан айында ол Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат болды. 2023 жылғы наурыздан бастап Amanat партиясының партиялық тізімі бойынша депутат болды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?