20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов Атырау облысының Исатай ауданына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутат «Жайықмұнайгаз» ғимаратында жұмыс барысымен танысып, мұнайшылармен, аудан ардагерлерімен, зиялы қауым мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, қордаланған мәселелерді талқылады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев отын-энергетика кешенінің Қазақстан экономикасында үлкен рөл атқаратынына баса назар аударды. Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бірқатар нақты міндет қойды. Сол қойған міндеттерді орындауда осындай кездесулердің маңызы зор, - деді Б.Ізмұхамбетов.
Жиын барысында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерболат Насимуллин бірқатар өзекті мәселе көтеріп, мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасына қатысты өз сауалын қойды. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге мемлекеттік сатып алуда белгілі бір шектеу қойылып, тапсырысты тиянақты орындау үшін тек екі, үш немесе бес жобадан артық алмаса деген ұсыныс-тілегін жеткізді.
Сондай-ақ ардагер мұнайшы Кенжебай Сағынғалиев және Аққыстау ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожантай Сыдиқов та ұсыныстарын ортаға салды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?