Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәжілістің жалпы отырысында депутаттар бизнес жүргізу мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлының айтуынша, заң жобасының негізгі міндеті – мемлекеттік органдар тарапынан бизнеске тексерулер жүргізу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету. Екіншіден, тексеру рәсімдерін жетілдіру әрі оңайлату. Үшіншіден, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын регламенттеу. Яғни енді заңда жоқ тексерулерге тыйым салынатын болады.
Жалпы бұл түзетулер 2021 жылғы желтоқсанда қабылданған Кәсіпкерлік қызметті реттеу туралы заңның нормаларын іс жүзінде жүзеге асыру. Бұл заң Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру мақсатымен әзірленді. Бүгін біз 2021 жылғы заңға қатысты кодекстер мен заңдарға түзетулер енгізіп жатырмыз. Мұның бәрі, сайып келгенде, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді депутат.
Осы заң жобасы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, нормативтік құқықтық актілерді шығару, мемлекеттік тіркеу және жою мәселелері бойынша заңнаманы сақтау, тілдерді дамыту, білім беру жүйесі, азаматтық қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік және тағы басқа мәселелерді бақылауды жүзеге асыратын болады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер