23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Майқайыңалтын» АҚ аумағында құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, олар өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жұмыс істеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шағын көлемді экскаватормен шұңқырдан шамамен 850 текше метр көлемінде топырақты қайта экскавациялау жұмысы жүргізілген. Бұл екінші экскаватордың жұмыс істеу кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік берген.
20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, 2 бульдозердің көмегімен тік және көлденең сақтану шарасын қолдана отырып, машинистпен екінші шағын экскаватор іске қосылды. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады.
Оқи отырыңыз:
Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқыр түбіндегі екі экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмысын сақтандыруды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Сонымен қатар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып
жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жұмыстары жүргізілуде. Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын бақылау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ экскаваторлардың бағытын үйлестіру үшін шұңқырдың түбін гесканизациялау жүргізілді делінген ведомство мәліметінде.
Жұмыс нөлден төмен температурада және топырақтың үнемі қозғалу және сырғуымен қиындай түсуде, құлау қаупі бар. Іздеу жұмыстарына барлығы 147 адам, 45 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу құрылғысы жұмылдырылған.
Еске салайық, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың кеніші шахтасының маңында жер опырылып, ішінде жүргізуші мен үш құтқарушы бар автобус құлаған болатын. 2 құтқарушының денесі табылып, 2 адам әлі де іздестіріліп жатыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік