Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыМайқайың кенті мен «Богатыр Көмір» АҚ-на су жеткізетін магистральдегі ақауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диамтері 1020 миллиметр суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді.
23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.
Жергілікті жерде жұмыстар жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған.
Майқайың кентіне су төмен қысымда беріліп жатыр. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі - 250 текше метр. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар әрі ол тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады, - делінген әкімдік ақпаратында.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді