20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек19 шілде күні «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданында опырылған жердегі іздестіру жұмыстары барысында денесі табылған құтқарушы Айдос Шаймерден жерленді. Бұл туралы облыс әкімі Асайн Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін. Сондай-ақ, денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасымен кездестім. Жақын арада біз оны тауып, туыстарына бере аламыз деген үміттемін. Одан кейін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болдым. Онда топырақтың сырғып, құлау қаупі болғандықтан, жұмыстар тұрақты негізде аздаған үзілістермен жүргізілді. 17 маусымда сканерлеу арқылы автобустың нақты орналасқан жерін анықтау үшін «Алтыналмас» АҚ мамандары тартылды. Зерттеу нәтижелері бойынша пайда болған шұңқырдың ең түбінен 12 метр тереңдікте автобустың болжамды орналасқан жері анықталды, - деп жазды әкім.
Қазір шұңқырдың түбінде топырақты қайта экскавациялауды жалғастыруда. Жұмыстар аса сақтықпен және барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып жүргізілуде.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?