20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет брифингінде төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтан БАҚ өкілдері «Майқайың-алтын» кенішінде болған апатқа қатысты мәселені көтеріп, құтқару жұмысы қашан жалғасатынын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған мәселеге қатысты министр «Майқайың-алтын» кенішінде құтқарушыларға қауіп болғандықтан, жоғалған адамды іздеу жұмысы тоқтатылғанын айтты.
13 мамырдан бастап дайындық іс-шаралары жүргізілуде. Оның ішінде тау-кен жұмыстары құлаған топырақтың солтүстік шығыс бөлігіндегі жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар біткен соң біздің құтқарушыларға қолайлы жағдай туындаған кезде іздеу шаралары жалғасады, – деді министр Шыңғыс Әрінов.
Министр іздеу жұмысының қашан жалғасатынын нақты айтпады.
Тағы қайталаймын, жоғалған адамның мәйітін шығарамыз деп құтқарушылардан айырылып қалмайық деген мақсатпен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдап жатырмыз. Түсінулеріңізді сұраймыз, – деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысындағы Майқайың кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кетіп, екі адамның денесі табылған еді. Қазргі таңда іздеу жұмысы тоқтап тұр.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?