19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Павлодар облысында «Майқайың-алтын» АҚ шахтасының маңында жолаушылары бар автобус тазарту кеңістігіне құлаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Облыс әкімі Асайын Байханов осы жағдайға байланысты тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бүгін таңертең «АК Алтыналмас» АҚ (Балқаш қ.) мамандары мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді. Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Нәтижелері өңделіп, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғары бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды, - деді әкім.
Сонымен қатар сағат 20.00-де штаб отырысы өтіп, автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру үшін траншея дайындау жұмыстарын және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын күшейту туралы шешім қабылданған.
Әкімнің айтуынша, жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде.
Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылды.
Жалпы автобуста 4 адам болған: кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабының Павлодар филиалының қызметкерлері (3 құтқарушы, 1 жүргізуші). Бұған дейін екі адамның денесі табылғаны хабарланған еді.
Облыс басшысы қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4,5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары