Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИран қалаларының көшелеріне «Бақылаушы патруль» оралды, олар әйелдердің киім киісін бақылайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Хиджаб кимеген әйелдерге айыппұл салынып, тіпті абақтыға қамалуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
Иран ІІМ өкілі Саид Монтазеролмахдидің сөзіне қарағанда, «Бақылаушы патруль» «ислам дресс-кодын сақтамайтындарды анықтап, оларға ескерту жасап және жазаға тартуды қайта жалғастырады». Ал жаза ретінде ішкі істер органдарының еденін, тіпті мәйітханаларда қайтыс болған адамдардың денелерін жуу да қолданылады, келіспеген жағдайда олар абақтыға жабылады.
Естеріңізде болса, Махсы Амини есімді жас келіншектің өлімінен соң жаппай ереуіл болып, бұл қызметтің жұмысы уақытша тоқтатылған. Ол былтыр қыркүйекте хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталып, соққыдан көз жұмған. Билік өкілдері оның өліміне жүрек талмасы себеп дегенді айтып келеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары