20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорған авиациялық базасында ұшқыштармен және майдандық авиацияның жерүсті қызметтерінің мамандарымен мақсатты жиын өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиын аясында Жетісу облысындағы авиациялық полигонда оқу-жаттығу ұшулары ұйымдастырылды.
Ұшу экипаждары жердегі нысаналарды, техниканы, тірі күштің легін жоя отырып, шартты қарсыластың бекіністеріне авиациялық зақымдау құралдарын (авиабомбалар, басқарылмайтын авиациялық зымырандарды жіберу) қолданды.
Майдан авиациясының экипаждары 4++ Су-30СМ және жаңартылған Су-25 буынының көпфункционалды жойғыштары арқылы кіші және орта биіктіктерден құрлықтағы объектілерді зақымдауды жүзеге асырды.
Майдандық авиация ұшақтарының қару-жарағын жауынгерлік қолдануды пысықтау ұшу даярлығының деңгейін және ұшу құрамының сыныптық біліктілігін арттыруға бағытталған. Жаттығу барысында жойғыш экипаждардың әуеайлақтан ұшуы, берілген бағытта ұшуы, полигонға шығуы орындалды, шартты қарсыластың позицияларын тауып, нысанаға тигізді. Жаттығулар күндіз-түні өткізілгендіктен бұл іс-қимыл мұқият дайындықты қажет етеді. Ұшқыштар жеке және жұп құрамында дағдыларды пысықтауға мүмкіндік алды, – деді жиын жетекшісі полковник Ерлан Қозғұлов.
Авиация ұшуларын жердегі қызмет мамандары қамтамасыз етті. Авиациялық базалардың әуе кемелерін жауынгерлік дайындықта ұстауға жауаптылардың бірі – инженерлік-авиациялық қызмет болып табылады.
Іс-шаралар жауынгерлік дайындық жоспары бойынша ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда өтті. Мұндай ұшу жаттығулары зақымдау құралдарын жауынгерлік қолдануды жетілдіруге және авиацияның жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталған. Шараға 450-ден аса әскери қызметші қатысты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?