Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті.
Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді.
Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария ізінше брейк жасады. Дегенмен қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.
Екінші сетте, керісінше, Саккари алға кетті – 3:1. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін есеп 5:4 болып, қарсыласы доп бергенде, екі бірдей матчболды мүлт жіберді – 5:5. Тай-брейкте Саккари сәтті ойнады – 7:6 (7:4).
Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:3. Ақыры өзі доп бергенде, бесінші матчболын пайдаланды – 6:4.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі. Ол ширек финалда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевадан басым түсті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары