Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШын мәнінде, елдің өсіп-өркендеп, озық мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін экономикалық жетістіктер аздық етеді. Бұл ретте халықтың бірегейлігін айшықтайтын құндылықтар айрықша маңызға ие. Мемлекет басшысы Құрылтайда осы мәселеге баса назар аударды. Президентіміз өз сөзінде бұл бағыттағы бірқатар мәселеге тоқталды. Соның ішінде қоғамдағы береке-бірлікті сақтау елдікті нығайту жолындағы негізгі міндеттердің бірі екенін айтты. Мемлекет басшысы атап өткендей, осы істе зиялы қауымға айрықша жауапкершілік жүктеледі. Расымен, аға буынның ауызбіршілігі тұтас елдің ынтымағына әсер ететіні сөзсіз,-деп жазды Сенат төрағасы.
Елімізде жалпыұлттық құндылықтар жүйесін бекіту, қоғамда жаңа этика қалыптастыру, Президентіміз айтқан «Адал азаматқа» лайықты ұрпақ тәрбилеуде аталған қағидалар негізгі бағыт болары анық. Сондықтан Мемлекет басшысы айқындап берген жаңа идеологиялық бағдар аясына бүкіл қоғам болып топтасып, жаңа міндеттерді іске асыруда жұдырықтай жұмылуымыз керек. Бұл ретте Парламент, оның ішінде Сенат заңнамалық бағыттағы жұмысты сапалы әрі уақытылы жүргізуге дайын екенін атап өткім келеді. Алдағы уақытта халқымыз осы бағытта бірлік пен Президентіміз айтқан «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» үш тағанына табан тіреп әрекет етсе, озық ойлы ұлт болып қалыптасатыны сөзсіз. Сол себепті, баршаңызды елдікті нығайтатын іске бейжай қарамай, белсенділік танытуға шақырамын деп сөзін түйіндеді Сенат спикері.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?