Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "Самұрық-Қазына" облигацияларын қаржыландыру және сатып алу есебін көрмегенін айтып, Үкіметті сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасында "Самұрық-Қазына" облигацияларын қаржыландыру және сатып алу мүмкіндігі көзделген. Біз өткен жылдың бюджеті бойынша есепті қарадық. Онда Ұлттық қор қаражатын пайдаланудың осы бөлігі туралы ақпаратты көрмедік. Ақпарат жоқ. Осылайша қаражатты пайдаланудың есебі бойынша проблемалар бар, - деді сенатор.
Әшімбаев Үкімет мұндай қағаздарды Ұлттық қор есебінен сатып алуы кезінде Парламент палаталарына хабарлауы қажет екенін, бірақ оны орындамағанын айтты.
Сондай-ақ облигацияларға қатысты жобаны бақылау қажет екеніне назар аударды.
Осы жобалардың жүргізілуі мен пысықталуын кім бағалайды? - деп сұрады ол.
Сенат төрағасы Жоғары аудиторлық палатадан облигацияларды сатып алу процесін қадағалуды сұрады.
Бүгiн, 12:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер