Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында «Матмо» тайфунының жақындауына және табиғи апат қаупінің артуына байланысты 150 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Синьхуаға сілтеме жасап.
Жексенбі күні таңертең Гуандун провинциясының Су тасқынына қарсы күрес штабы тайфунға байланысты төтенше жағдай деңгейін екінші дәрежеден ең жоғары — бірінші деңгейге көтерді. Сенбі кешіне қарай барлығы 151 352 адам, оның ішінде 9 916 теңіз аймақтарында жүрген тұрғын эвакуацияланды.
«Матмо» — Тынық мұхит маусымындағы биылғы 21-ші тайфун. Ол солтүстік-батыс бағытта шамамен сағатына 25 шақырым жылдамдықпен қозғалып, құрлыққа секундына 45 метрге дейін жететін қатты желмен соқпалы дауыл түрінде жетеді деп болжануда. Тайфун соғатын аймақтарда нөсер жаңбыр мен екпінді жел күтілуде.
Табиғи апатқа дайындық мақсатында Чжаньцзян қаласында сенбі кешінен бастап оқу орындарында сабақтар тоқтатылып, барлық өндірістік және еңбек қызметі уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ қоғамдық көлік қозғалысы мен автожолдарда қатынау шектелді.
Гуандун провинциясының Теңіз істері басқармасы тайфун аймағындағы кеме қатынасын тоқтатты, ал құтқару қызметтері өңір бойынша жоғары дайындық режиміне көшірілді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?