10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында футзалдан Қазақстан мен Нидерланд матчынан кейін жанкүйерлер залдағы қоқыс қалдықтарын жинап әкетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Әдеттегідей ойын аяқталғаннан кейін жанкүйерлер мен еріктілер бірден қоқыс жинауға кірісті. Олардың мұндай қадамы осыған дейін де жұрттың ыстық ықыласына бөленген.
Кадрлардан жанкүйерлердің, еріктілердің, сондай-ақ Астананың барлық белсенді тұрғындарының әрекетін көруге болады. Олар футзалдан Нидерланд еліне қарсы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңі-2024 матчынан кейін қағаз және пластик стақандарды, тәтті-дәмділердің орамдарын және басқа да қоқыстарды жинап жатқанын көруге болады.
Тазалық жұмысына «Астана Жастары» КММ белсенділері мен еріктілері, елорданың барлық жанашыр тұрғыны қосылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді