29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыМәскеудегі "Времена года" сауда орталығында қайнаған су ағып тұрған су құбырынан ақау шығып, 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеудің батысында орналасқан сауда орталығында ыстық су құбыры бұзылды. Апатқа не себеп болғаны әзірге айтылған жоқ. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, сауда орталығында эвакуация дабылы да қосылмаған.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты. Барлық қаза тапқандар гипермаркет қызметкерлері екен. Тағы бірнеше адамды күйік шалған.
БАҚ өкілдері тоғыз адам ауруханаға жатқызылғанын жазуда.
Тергеу комитеті Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 238-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек