Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәскеуде Ленин мавзолейін өртеуге әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ТАСС» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 22:00 шамасында болды.
Ер адам Ленин мавзолейіне жақындап, ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырды. Өрт болған жоқ. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады, - деген агенттікке хабар беруші.
Оның айтуынша, ер адамға қатысты «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.
Айта кетсек, кесенеге зақым келмеген.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді