Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаскат қаласында омандық «Salam Air» әуе компаниясының Маскат-Алматы-Маскат бағыты бойынша тікелей рейстің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СІМ мәліметінше, бұл әуе қатынасы Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қарым-қатынастар тарихында алғаш рет ашылып отыр.
Іс-шараға Қазақстанның Омандағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы, «Salam Air» әуе компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Анвар әл-Равас, сондай-ақ Оман Сыртқы істер министрлігі, Азаматтық авиация ұйымы, Маскат халықаралық әуежайы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, - делінген мәліметте.
Тікелей рейс сәрсенбі және сенбі күндері тұрақты негізде орындалады. Тікелей байланыстың ашылуы екі елдің туристік әлеуетін ашуға, Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі тереңдетуге жол ашады деп болжануда.
Министрлік соңғы уақытта Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастық айтарлықтай жанданғанын алға тартты.
Бүгінгі таңда Оманға келетін Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізілді, ал Оман азаматтары 2019 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда 30 күнге дейін визасыз бола алады. Сонымен қатар, сауда айналымы мен инвестициялық ынтымақтастық кеңейіп, 2023 жылы тараптар Үкіметаралық комиссия құрды, - делінген
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді