Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаска киген жігіттің әрекеті тағы көпшілікті сүйсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жолы «Маскадағы адам» деп танылған блогер жалғызбасты ананы қуантты. Үш баласын жалғыз тәрбиелеп отырған ананың бір қызы мидың қатерлі ісігіне шалдыққан екен. Ал өзі 14 жылдан бері еден жуушы болып күнелтіп жүр. Қызын емдеуге де қаражаты жоқ.
Жалдамалы пәтерде тұрамыз, не газ, не су, не әжетхана жоқ. Өзім түнгі 2:30-ға дейін жұмыстамын, балаларды асырау керек. Еден жуып та шаршадым. Қызым мидың қатерлі ісігіне шалдыққан, қазір үйде химия қабылдап жатыр. Сондықтан шаршағанымды көрсетпеймін, әйтпесе жұмыс ауыр, - деді әйел.
Танымал блогер жалғызбасты анаға қызын Түркияға апарып емдету үшін қомақты қаражат табыс етті. Бұдан бөлек ол әйелге су жаңа пәтердің кілтін сыйлады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді