Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМедициналық куәландыру нәтижелерін өзгерткен Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығының лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айыпталушы М. өзінің қарамағындағы С., М-те және Х-ның баяндамасынан Ш-ның көлік құралын басқару кезінде мас күйінде болғанын және оны әкімшілік жауапкершіліктен заңсыз босату мақсатында С. және М-те наркологтарына куәландыру нәтижелерін өзгертуді тапсырған, - делінген сот материалында.
Оқи отырыңыз:
Айыпталушылар сотта өз кінәсін толық мойындаған.
Сот айыпталушы М-ға Қылмыстық кодекстің 58-бабының 2-бөлімін қолдана отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеу арқылы белгілі бір лауазымдарды иелену және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасын тағайындады. С. және Х-ға қатысты жазаны өтеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, 1 жыл 6 айға, ал М-те 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - делінген сот үкімінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді