Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай аудандық сотында мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасаған, осылайша абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соттың мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 3-бөлігі бойынша қаралған.
4 сәуірде Қостанай ауданы Московский ауылында жүргізуші К. мас күйінде мотоцикл тізгіндеп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сөйтіп қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан сотталушы К-ның мотоцикл кузовының жолаушы орындығында отырған жолаушы Л. алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Прокурор сотталушыны 10 жылға көлік басқару құқығынан айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші - марқұмның анасы сотта сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушы өз кінәсін және талаптарын толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.
Сот жаза тағайындау кезінде сотталушы К-ның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде өз кінәсін ашық мойындауын және жасаған ісіне өкінетінін, сондай-ақ кәмелетке толмаған баласының барын ескерді.
Сотталушы 10 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан және 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді