7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Туризм және спорт министрі семсерлесу және таеквондо федерацияларының басшылары мен бапкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, жиын барысында аталмыш спорт түрлерінің Азия ойындарындағы қорытынды есебі тыңдалып, алдағы Париж Олимпиадасына қатысты жоспарлар пысықталды.
Ермек Маржықпаев Ханчжоудағы көрсеткен нәтижелерге көңілі толмайтынын жеткізіп, федерация өкілдерінің аламан алдында берген міндеттемелерін орындай алмағанын қатты сынға алды.
Айта кету керек, семсерлесушілер Азия ойындарында 1 алтын, 1 қола медаль алуды жоспарлағанымен, жарыс қорытындысында 1 күміс пен 2 қола жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ таеквондошылар да 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль алуды мақсат тұтқанымен, Қытайда небәрі екі қола жүлдеге қол жеткізді.
Кездесу соңында министр құрлықтық жарыстың нәтижелеріне жан-жақты талдау жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ Париж Олимпиадасына дейін жеткілікті жолдамаларды жеңіп алуды алға тартты.
Көріп отырғанымыздай, Азия ойындарында аталған екі федерацияның спортшылары көңілден шығатындай нәтиже көрсетен жоқ. Дегенмен, бұл сәтсіздіктен, бүгінгі сыннан тиісті қорытынды шығару керек. Алдымызда Париж. Енді қалған сегіз айда дайындықты күшейтіп, лицензиялық турнирлерде топ жару қажет, - деді туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, кездесуде семсершілер Париж Олимпиадасына бес, ал таеквондошылар екі жолдама жеңіп алуға міндеттеме алды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?