Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМарсты зерттеуге бағытталған ESCAPADE миссиясының аппараты жіберген алғашқы фотосуреттер көпшілікке ұсынылды. деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Сол жақтағы жарық сәулесі іспеттес бірнеше кадрлар, көрінетін жарық диапазонында түсірілген сурет. Ал оң жақтағы бейне инфрақызыл сенсор арқылы алынған және ол күн батареясының қай бөліктері қатты қызып, қай аймақтары салқын қалғанын көрсетеді.
Аппараттар Қызыл ғаламшар орбитасына жеткеннен кейін көрінетін жарықтағы камера марсиандық полярлық шұғыла құбылыстарын түсіруге талпынады. Инфрақызыл сенсор болса, Күннің шығуы мен батуы кезінде Марс бетінің температуралық өзгерістерін бақылау үшін қолданылады.
ESCAPADE миссиясының екі орбиталық аппараты Марстың магнитосферасын жан-жақты зерттеп, күн желінің жоғары энергиялы бөлшектері мен планета атмосферасының өзара әрекеттесу процестерін талдайтын болады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді