19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Марокко Ішкі істер министрлігінің кейінгі дерегі бойынша, зілзаладан қаза тапқандар саны 2012 адамға жетті. Барлығы 2059 тұрғын жараланды, оның 1404-нің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Марокко геофизика орталығы Атласс таулары ауданында 7,2 балдық зілзала болғанын хабарлады.
АҚШ Геология қызметі жер сілкіну магнитудасын 6,8 балл деп бағалап, айтарлықтай тереңде – 18,5 шақырым жерде болғанын айтты.
Зілзала болған таулы аудан Марракештен оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырым жерде орналасқан.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 23:00-ден кейін басталды. Ол жағалаудағы Рабат, Касабланка және Эс-Сувейра қалаларында сезілген.
Reuters-тің Марракеш тұрғындарына сілтеме жасап хабарлауынша, ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енетін ескі қалада бірнеше ғимарат қираған. Жергілікті телеарна мешіт мұнарасының құлаған сәтін көрсетті, деп атап өтті агенттік.
Оқиға туралы ресми ақпарат тек бірнеше сағат өткеннен кейін ғана жарияланды. Әуелде Reuters жергілікті шенеунікке сілтеме жасап, ондаған адамның мерт болғанын жазды. Оның сөзінше, қаза тапқандардың көбі таулы аудандарда тұрады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары