30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМароккодағы жер сілкінісінен құрбан болғандар саны 1 мың адамнан асты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Марракеш қаласында болған магнитудасы 7 балл жер сілкінісі ел тарихында соңғы жүзжылдықта орын алған ірі зілзала ретінде бағаланды.
Анадолуның мәліметінше, табиғи апаттан 1037 адам көз жұмса, 721 адам зардап шеккен.
Марракеш және Агадир қалаларында ғимараттардың бүлінген жағдайлары тіркелген.
Марокконың әскери қызметшілері, жергілікті әкімшіліктер, қауіпсіздік күштері мен азаматтық қорғау жасақтары іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, апат аймағына гуманитарлық көмек жеткізу үшін барлық күш-жігер жұмылдырылды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жер сілкінісі Рабатта, сондай-ақ Касабланка, Мекнес, Агадир және Фес қалаларында сезілген.
Марокконың ұлттық геофизика институты жер сілкінісінің ошағы Марракеш-Эль-Хауз өңірінде орналасты деп отыр.
Күшті зілзаладан кейін жүздеген афтершок тіркелген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды